Президент • 16 Наурыз, 2020

Халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз - Президент

3566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қазақстан халқына үндеуінде айтты.

Халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз - Президент

«Коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен-күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08:00-ден бастап Қазақстан аумағында  Төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режімі 30 тәулікке созылады» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылғанын атап өтті.

«Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-Министр басқарады. Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады. Көпшілік қатысатын шаралар тоқтатылды. Көптеген азаматымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабалдап отырмыз» деді Президент.