Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

Түркістан: Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары деңгейдегі режим енгізілді

144 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Президент Жарлығын жүзеге асыру бойынша қаулы қабылданып, бірқатар шаралар жүзеге асырыла бастады. Облыс аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары деңгейдегі дайындық режимі енгізілді.

Түркістан: Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары деңгейдегі режим енгізілді

Барлық жұмыс орындарында қызметкерлердің дене температурасын өлшей отырып, қызуы көтерілген жағдайда, міндетті түрде жұмыстан шеттетіледі. Жергілікті жерлерде ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр және өзге де адам көп шоғырланатын орындар қызметтерін тоқтатпақ. Сондай-ақ облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша мерекелік, спорттық, мәдени іс-шаралармен қатар, отбасылық тойлар мен қонақасы өткізуге тыйым салынады. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын санитайзерлермен және антисептиктермен қамтамасыз ету, коронавирустың алдын алу жөніндегі жадынама тарату жұмыстары жүргізіледі.  Мемлекеттік қорғауға алынған және халықтың күнкөрісі мен көліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандарды қорғауды күшейту, адам көп жиналатын еске алу шараларын шектеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру ісі де облыс әкімінің назарында болады.  

1

Барлық медициналық ұйымдарға коронавирусқа қарсы шараларды күшейту тапсырылды. Қоғамдық көліктер әр айналымдағы соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен жуылып, олардың жүргізушілері антисептиктер мен тыныс алу органдарын қорғайтын құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Қазығұрт», «Жібек Жолы», «Қапланбек», «Сарыағаш стансасы», «Бауыржан Қонысбаев» және «Атамекен» шекаралық кеден бекеттері бар. Бүгінгі таңда барлық кеден бекеттері штаттық режимде жұмыс істеуде. Шекаралық өткізу пункттерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Санитарлық дәрігерлер ғимараттарды тазартады. Бұл жұмыстар шамамен 2 сағатқа жалғасады және осы уақытта өткізу пункттері жабылады. Залалсыздандыру жұмыстарын әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері жүргізу жоспарланған. Қазір кеденде төтенше жағдайдың жаңа деңгейі жарияланған. Санитарлық бақылау тәулік бойы жүргізілуде. Өңірге Қытайдан және басқа шетелдерден келгендер санитарлық эпидемиологтар мен шекарашылардың арнайы бақылауынан өтеді.

 

Түркістан облысы