Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

Қостанайдағы «Большевичка» тігін фабрикасы медициналық маска шығара бастады

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған өңірдегі қазіргі ахуалға байланысты өнімнің осы түріне сұраныстың артуы себеп болып отыр. Кәсіпорын тәулігіне 10 мың маска тігуге қауқарлы.

Қостанайдағы «Большевичка» тігін фабрикасы медициналық маска шығара бастады

Қажет бола қалса, өндіріс көлемін екі есеге дейін ұлғайтуға дайын. Отандық өнім Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан қалаларында саудаланады. Масканы дәріханалар мен фабрика дүкендерінен сатып алуға болады.

Бұған қоса, фабрикаға емдеу мекемелеріне қажет медициналық қорғаныш костюмдер тігуге де сұраныс түскен. Енді кәсіпорын аптаның соңына қарай медициналық костюм өндірісін қолға алайын деп отыр. Жоспар бойынша тәулігіне мың жарым қорғаныш костюмі тігілмек. Дәл қазіргі кезеңде облыстың денсаулық сақтау мекемелеріне 4 мың қорғаныш костюм керек екен.  

- Бұл аса қиын емес, мұндай сұранысты, ары кетсе, бір жетінің ішінде орындап шыға аламыз, - дейді фабрика басшысы.  

 

ҚОСТАНАЙ