Теннис • 17 Наурыз, 2020

Ширек финалда ұтылды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оманның Маскат қаласында өткен үстел теннисінен Oman Open халық­аралық турниріне қатысқан отандасымыз Кирилл Герасименко ширек финалда сүрінді.

Ширек финалда ұтылды

Герасименко бастапқы бәсекеде кадеттер арасындағы Оңтүстік-Шығыс Азияның үш дүркін чемпионы, син­га­пурлық Панг Эн Коенмен бақ сынасып, 4:2 есебімен басым түсті. Ал жұп­тық сында әлем чемпионатының және ко­ман­далық жарыстағы жаһандық доданың қола жүлдегері, португалиялық Тьягу Апо­ло­нины 4:1 есебімен жеңген-ді.

Алайда, жартылай финал жолдамасы үшін өткен тартыста отандасымыз Еуропа чемпионатының кү­міс жүлдегері, ресейлік Ки­рилл Скачковқа 4:3 есебімен жол берді.