22 Тамыз, 2013

Оңтүстікте әрбір ауылда әжелер алқасы құрылады

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әжелер

Оңтүстік Қазақстан облысының әр ауылында әжелер алқасын құру жоспарланып отыр. Облыстық ардагерлер кеңесінің Кентау қаласында өткізілген семинарында осындай ұйғарым жасалды. Бұл туралы El.kz хабарлады.

Жалпы, бұл өңірдің аудандарында әжелер алқасы бар. Енді барлық ауылдарда осы ұйымды құру мақсаты тұр. «Біздің негізгі міндетіміз – қоғамды ауызбірлікке, ынтымаққа үндеу. Ұл мен қызға тәрбие беруді де назардан қағыс қалдырмаймыз. Осы тұрғыдан келгенде, әжелер алқасын ауылдарда құруды уақыт оздырмай қолға алуымыз керек», - дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов.

Биыл құрылған Шардара аудандық әжелер алқасы төрайымының орынбасары Жаңылай Зияшқызы бірқатар істерді жүзеге асыратындықтарын мәлім етті. Соның ішінде жастарға «Құрсақшашар», «Тоқымқағар» және өзге де ұлттық құндылықтарымызды дәріптейді. Келін мен ене арасындағы сыйластық мәселесі де әңгімеге арқау етілмек.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар