Қоғам • 17 Наурыз, 2020

«Алматы марафоны» өтпейді: Қатысушыларға жарналар қайтарыла ма?

174 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алдағы 19 сәуірге тағайындалған «Алматы марафонының» ұйымдастырушылары Қазақстанда жаппай іс-шаралар өткізуге үкімет тарапынан салынған тыйымға байланысты іс-шараның өткізілмейтіні туралы мәлімдегені аян. Осыған байланысты, осынау ең ірі жүгіру іс-шарасына тіркелген қатысушыларда бірқатар мәселелер ғана емес, төмендегідей сұрақтар да туындады.

«Алматы марафоны» өтпейді: Қатысушыларға жарналар қайтарыла ма?

– Неге ашық ауадағы іс-шаралар барысында ауру жұқтыру қаупі туындауы мүмкін? Спортшыларға не істеу керек, жаттығуды жалғастыруға бола ма?

– Кез келген жаппай оқиғалар (мәселен, «Алматы марафоны» 18 мыңға жуық қатысушыдан құралған) – бұл ауру жұқтырудың ықтимал мүмкіндігі. Вирус белгілері әрдайым айқын көріне бермейді. Адамдардың арасында ауру жұқтырған адам болуы мүмкін, сондықтан жақын маңдағыларға үлкен қауіп төндіреді, – дейді Алматы қалалық жедел жәрдем қызметінің жедел бөлімінің аға дәрігері Александр Лазарев. – Соған қарамастан, мен спортпен шұғылдана беруді және таза ауада өздігінен жаттығуды ұсынамын.

Дене белсенділігі иммунитетті күшейтеді, ал бұл болса сіздің вирусқа қарсы басты қорғанысыңыз. Өзіңізді нашар сезінсеңіз, жаттығуларды кейінге қалдырып, дәрігерге (телефон арқылы) хабарласу керек. Жеке гигиенаға көңіл бөліңіз, смартфонды және тұрақты түрде пайдаланатын басқа да заттарды (құлаққап, компьютер, жұмыс үстелі, пульсометрлер) үнемі өңдеп отырыңыз.

– Енгізілген сөрелік жарналар қатысушыларға қайтарыла ма?

– Қазір сөрелік жиынтықтарды өндіру аяқталады, сондықтан тіркелген қатысушылар жарна сомасының 50%-ын дайын сөрелік жинақ, жеңіл жейде  (оны сатып алған жағдайда) және финишер медалі түрінде ала алады. Ал енгізген сомасының екінші жартысы болса қатысушының келісімімен 2020 жылға жоспарланған «Алматы марафоны» қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Қатысушы ақшаны қайтарып алғысы келсе, ол біздің almatymarathon.kz сайтымызда ертең, 17 наурызда пайда болатын ақшалай қаражатты қайтарып алуға арналған арнайы өтінімді толтырып, бізге [email protected] мекенжайына 31 наурыз, сағат 23.59-ға дейін жөнелтуі тиіс. Ұйымдастыру комитеті келіп түскен өтінімдерді өңдегеннен кейін, сөрелік жинақтар құрастырылады, және 20 сәуірден бастап жинақтар беріледі және сұрау бойынша ақшалай қаражат қайтарылады, – деп жауап берді «Алматы марафоны» директоры Салтанат Қазыбаева.

- «Алматы марафоны» 2020 үшін қандай қайырымдылық мақсаттарын қойдыңыз?

– Біз іс-шараны өткізбеу, оған мұқтаж адамдарға көмек көрсетуден бас тартуға себеп болмауы тиіс деп есептейміз. Сондықтан да, барлық белгіленген қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыруды жөн деп шештік. Биыл 5 іс-шара болады. «Кеңес» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі үшін балалар алаңшасын жабдықтауды, Есік қаласындағы ақыл-есі кеміс балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатта футбол алаңын салуды, «SOS Алматы Балалар ауылында» воркаутқа арналған алаңшалар салуды, дамудағы ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша «Амалия» орталығының сенсорлық интеграцияға арналған жабдықтар сатып алуды, сондай-ақ Талғар қаласындағы «Нұр» балалар үйінде спорттық алаңша салуды жоспарлап отырмыз. Жоспарланған қайырымдылық көмектің жалпы сомасы – 35 000 000 теңге, – деп хабарлады Салтанат Қазыбаева.

Соңғы жаңалықтар