Аймақтар • 17 Наурыз, 2020

Түркістан: Келес ауданында үшінші үшем дүниеге келді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келес ауданы Біртілек ауылында Қадировтар отбасында үшем дүниеге келді. Бұған дейін екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үшемдердің анасы Этибор Қадирова облыстық №1 перинаталды орталықта босанған.

Түркістан: Келес ауданында үшінші үшем дүниеге келді

Али, Усман, Умар есімді нәрестелер 1700, 1700 және 1800 грамм салмақпен дүние есігін ашқан. Отағасы Азамат ауылдағы отбасылық 1,5 гектар жерге егін егіп, шаруашылықпен айналысады. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев үшемдердің жағдайын біліп, сыйлық табыстады.

1

Бұл  Келес ауданы қайта құрылғалы дүние есігін ашқан үшінші үшем. Аудан әкімі үшемдерге медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін қадағалауды ауыл әкіміне тапсырып, әлеуметтік жағдайы бойынша мәселелер туындаса көмек көрсетілетінін жеткізді.

 

Түркістан облысы