Кеше Қытайдың Нанкин қаласынан тағы бір қуанышты хабар келіп жетті.
Осы жерде жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІІ Жазғы Азия ойындарында таэквондошы Фариза Алдоңғарова 55 килоға дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол ширек финалда бангладештік Фатиха Уммул Исламды 12:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда өзбек қызы Динорохан Мамадибрагимованы 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал финалда, өкінішке қарай, филиппиндік Паулинелуз Лопеске 2:4 есебімен есе жіберді.
Осы күні тағы бір таэквондошымыз Ерасыл Қайырбек 53 килоға дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Бұл екеуі Азия ойындарына лицензияны Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».
Суретте: Фариза Алдоңғарова.