23 Тамыз, 2013

Дүбірге толы дүние

280 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мысырда азамат соғысы жүріп жатқандай

Әлемдегі оқиғаларды ойлағанда, Египетті аттап кете алмайсың. Өткен аптаның соңғы төрт күнінде бұл елде 750 адам қаза тауыпты. Мұны енді соғыс демей, не дерсің! Рас, қатаң коменданттық тәртіптің нәтижесінде соңғы күндері біршама тыныштық орнады.

Мысырда азамат соғысы жүріп жатқандай

Әлемдегі оқиғаларды ойлағанда, Египетті аттап кете алмайсың. Өткен аптаның соңғы төрт күнінде бұл елде 750 адам қаза тауыпты. Мұны енді соғыс демей, не дерсің! Рас, қатаң коменданттық тәртіптің нәтижесінде соңғы күндері біршама тыныштық орнады.

Бірақ, оған жұрт сеніп отырған жоқ. Көп адам оны дауылдың алдындағы тыныштық сәттей көреді. Күні ертең қоздың оты лап етіп сыртқа шығып, бой бермес соғыс өртіне айналатын сияқ­ты. Оған негіз де жоқ емес. Қарсыласқан күштердің бірі екіншісін мойындамайды. Келісім жоқ жерде керісуге жол ашық.

Бұл елде қақтығыс басталғалы бергі екі жарым жылдың ішінде саяси күштер келісім жолын іздеу орнына өз биліктерін орнықтыруға ұмтылды. Хосни Мүбәрак билігін құлатқан төңкерісті пайдаланып, билікке келгендер басқалармен тіл табысуды ойламай, өз тәртібін орнықтыруға кірісті. Басқалардың қарсылығына қарамай, өзіне қолайлы конституцияны енгізіп, оның талаптарына сай өмір қалыптастыруды қолға алды. Оған халықтың қарсылығы күшейіп, ел азамат соғысының қаупіне жеткен кезде әскерилер билікті өз қолына алуға мәжбүр болды.

Сол тұста ел тағдырын ойла­ған әскерилердің қадамын құп­тап, пікір айтқанымыз да есте. Олардың барлық саяси күштерді ынтымаққа шақырғаны, уақытша үкіметтің құрамына кіріп, барлық мәселені келісім арнасында шешуге шақырғаны көпшілік тарапынан қолдау да тапқандай еді. Бірақ, оған исламистер көнбеді. «Демократиялық жолмен» сайлан­ған президент Мохаммад Мурсиді тағына қайта отырғызуды талап етті. Күн сайын олар ақылға сыймайтын әрекеттерге барды. Христиан арабтардың шіркеулерін қиратулары өз алдына, Қызыл жарты ай ұйымының үйін өртеп, темір жолдарды бұзулары олардың келісімге келмейтінін аңғартты.

Әскерилердің исламистердің талаптарын орындамайтыны белгілі. Сөйтсе де әскерилердің оларға қарсы тым қатқыл шараларын құптау да қиын еді. Шеруге шыққандарды тәртіпке шақыру барысындағы қақтығыста жүздеген адам қаза тапты, жараланғандар қаншама. Күні кеше исламистердің жосықсыз әрекеттеріне тоқтау жасаған әскерилердің қадамдарын құптаған жұртшылықтың бір­шамасы енді мынадай адам құр­бан­дығына ұшыратқан шараларды айыптауға көшті. Тіпті, халық­аралық ұйымдар да, жеке елдер де Египеттің жаңа үкіметінің өз қарсыластарына бағытталған ре­прессиялық шараларын айыптап, өз көзқарастарын өзгертіп отыр.

Әрине, әскерилер исламис­терге қарсы қатқыл шаралардың мысыр халқының мүддесі, ел­де­гі тұрақтылықты сақтау мақ­сатында жасалып отырғанын ай­тып ақталады. Елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы Әбділ-Фаттах әс-Сиси былай деді: «Алла атымен ант етіп айтамын: біз үшін, жеке мен үшін халықтың мүддесін қорғау Египетті билеуден әлдеқайда жоғары». Айта кететін жай: күні кеше «Мұсылман бауырлар» ұйымының әрекетіне куә болғандардың көпшілігі әскерилердің оларға қарсы қатқыл шараларын құптайтын көрінеді.

Египетте өте күрделі жағ­дай қалыптасып отыр. Елде коменданттық тәртіп енгізілген. Уақытша үкімет бұрынғы президент Мурсидің жақтастарының әрекеттерін қатты айыптап, «Мұ­сылман бауырлар» ұйымы­ның мүшелерін қамауға алуда. Бұл ұйымның рухани көсемі Мухаммед Бадидың тұтқындалуы да елде үлкен шу тудырды. Оған халықты күш қолдануға, қарулы қақтығысқа шақырды деген айып тағылып отыр. Исламистердің әрекеттерін террорлық әрекетке теңестіру ақпарат құралдарында етек алған. Тіпті, «Мұсылман бауырлар» ұйымының қызметіне бұрынғыдай тағы да тыйым салынады екен деген де сөз бар. Ал бұл ұйымды кешегі сайлауда халықтың 40 пайызы қолдағаны белгілі. Ертең жағдайдың қай бағытта өзгеретіні туралы болжам айту да қиын.

Терроршылардан сақтанбасаң болмайды

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі атақты «Әл-Каида» террористік ұйымының Еуропаның бірқатар елдерінің темір жолдарында жарылыс актілерін жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Террор» деген сөзді ес

Соңғы жаңалықтар