Коронавирус • 18 Наурыз, 2020

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.

Денсаулық министрлігі өкілі Диас Ахметшәріптің хабарлауынша, 1974 жылы туған әйел, ол Мәскеу-Алматы рейсімен 10 наурызда ұшып келген. Ал екінші науқас 1998 жылғы туған студент қыз, Ыстамбұл-Мәскеу рейсімен 15 наурызда ұшып келген.

Осы сағатта Алматы қаласында – 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді.