Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Түркістан: Жалған ақпарат таратқан 3 азамат жауапкершілікке тартылады

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында коронавирусқа байланысты жүріп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарын ұялы телефонға түсіріп, сол өңірлерде оба тарап жатыр деген мағынада бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде таратқандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан: Жалған ақпарат таратқан 3 азамат жауапкершілікке тартылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев хабарлағандай, көрінеу, жалған ақпарат таратқан азаматтар Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілікке тартылады. «Қазір облыста 3 азаматтың үстінен тергеу жұмыстары жүруде. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-ші бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» деп аталады және оның санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген», деді Әбдіғани Тойшыұлы. Сонымен қатар, полиция полковнигі тиісті орындардан алынған ресми ақпараттарды жетекшілікке алу, елді дүрліктіретін жалған ақпарат таратпау қажеттігін ескертті.