Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Құрамында есірткісі бар препараттардың айналысы тексерілді

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда СҚО полициясы медициналық мекемелерді тексеріп, олардың біразының басшыларын құрамында есірткісі бар препараттарды нұсқаулыққа сәйкес қолданбағандары үшін жауапкершілікке тартты.

Құрамында есірткісі бар препараттардың айналысы тексерілді

«Дәрмек» деп аталатын бұл операцияның мақсаты – құрамында есірткі заттары бар дәрілердің айналымға еніп, қылмыс әлемінің оларды теріс пайдалануын болдырмауға бағытталған еді. Тексеріспен медициналық мекемелермен қатар дәріханалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар да қамтылды.

Тексеріс барысында қылмыс әлеміне есірткінің еніп кетуіне мүмкіндік беретін сегіз жағдай анықталды. Мәселен, медициналық мекемелердің бірінде құрамында есірткі заттары бар препараттардың сақталуы мен күзеті әлсіз болғаны үшін оның басшысына айыппұл салынатын болды. Заң бойынша мұндайға 100 АЕК көлеміндегі айыппұл қарастырылған. Тағы бір мекемеде құрамында кодеині бар препарат рецепсіз сатылған. Құрамында есірткі заты бар амплуалар ашылып, препараты алынғаннан кейін шынысы бірден жойылуы керек екен. Ал бір мекемеде олар екі айдан бері сақталған. Тиісінше бұл мекеменің басшысына да айыппұл салынды.

Тексерушілер барлығы 393 таблетка мен 26 амплуны тәркіледі. Есірткінің заңсыз айналуының 11 фактысының алдын алды. Соның арқасында 830 граммның есірткісі айналымға енбеді, оның ішіндегі 777,1 граммы «спайс» атты психобелсенді зат.   «Облыстағы құрамында есірткісі бар заттар мен психотропты заттар айналымы жалпы айтқанда бақылауда. Дегенмен Петропавл қаласының бір ауданында олардың айналысынан бұзушылықтар табылып, медициналық мекемелердің басшыларына айыппұл салынды», дейді СҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Солтүстік Қазақстан облысы