Биыл облыстағы Баянауыл ауданының Майқайың кентінде, Шарбақты ауданының орталығында және облыс орталығына қарасты Кенжекөл ауылында жаңа мектептер бой көтереді. Бірінші қыркүйектен оқушылар көптен күткен Назарбаев зияткерлік мектебінің де табалдырығынан аттамақ. Биыл облыста 124 мектеп күрделі жөндеуден өтті.

Алдағы оқу жылында өңірде 9700 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Ұстаздар қатары 547 түлекпен толықты. Олардың 413-і еңбек жолын ауылдан бастағалы отыр. «Мектепке жол» жалпы республикалық шарасы аясында тұрмысы төмен отбасыларының 4 мыңнан аса баласы киімдермен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Мұның бәрі жақсы, әрине. Алайда, оқушылар санының аздығына байланысты бірқатар мектептердің жабылып қалғаны көңілге кірбің ұялатады. Сөйтіп, 1 қыркүйекте Железинка ауданының Раздельное, Жамбыл атындағы, Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Көксиыр, Ертіс ауданындағы Қостомар ауылдарындағы мектептерде қоңырау соғылмайтын болды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат та өз жұмысын тоқтатты. Оның тәрбиеленушілері осы санаттағы балаларға арналған басқа интернаттарға орналастырылды.
Міне, павлодарлықтар жаңа оқу жылын осылай бір қуаныш, бір ренішпен қарсы алғалы отыр.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.