Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Қостанай облысында мұз жару жұмыстары жүріп жатыр

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай қызметі су тасқыны кезінде апаттың алдын алу және мұз кептелістерін болдырмау мақсатында өзендердің елді мекендерге жақын  аңғарларында мұз жару жұмыстарын бастады.

Қостанай облысында мұз жару жұмыстары жүріп жатыр

Жарылысты «Niksit» серіктестігінің мамандары жүргізіп жатыр. Оны жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құрылған арнайы комиссия бақылауда. Алғашқы мұз жару жұмыстары Майлин ауданына қарасты бірнеше елді мекендерді жанай ағып өтетін Әйет өзенінде, Жангелдин ауданындағы Саға ауылының маңындағы Сарыөзенде жүргізілді. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өзен бетіндегі мұздың қалыңдығы -  0,5-0,80 метр шамасында. Мамандар, сонымен қатар,  мұз қалың жерлерді бұрғылап  ойық жасап жатыр.  Екі күн ішінде елді мекендер мен күре жолдардың бойындағы көпірлердің маңында диаметрі 9 метр болатын  200-ге жуық мұз ойығы бұрғыланған.  

Қостанай