Елорда • 18 Наурыз, 2020

Е.Сәденов: Қала ішінде карантин режимін қатаң сақтау қажет

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты.

Е.Сәденов: Қала ішінде карантин режимін қатаң сақтау қажет

«Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Полиция департаментінің жеке құрамы қызметтік атқарудың ерекше режиміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта департамент коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдады. Мүдделі меморгандармен бірге медициналық тексеруден, емделуден карантин режимін бұзып жүрген азаматтарды бақылауға алып, осы тәртіпті бұзған кезде жауапқа тартылатынын ескертеміз. Басты мақсат - қала ішінде карантин режимін қатаң сақтау, қаланың сыртқы периметріне бақылау енгізу арқылы инфекцияның таралуын тоқтату» деді Ержан Сәденов.