Қар көбесі сөгіліп, алқап дегдісімен қырда қызу тіршілік қайнайды. Қыстан қысылыңқырап шыққан қостанайлық диқандар бұл сәтті дегбірсіздене күтіп отыр. Дегенмен ол күн де алыс емес. Әрі кетсе шамамен бір жарым-екі ай ғана қалды. Одан соң техникасын оңдап, тұқымын түгендеп, шаруа адамы топырағының иісі танауды жара бусанып жатқан танапқа аттанады.

Диқандардың көктемгі науқанға дайындығы облыс әкімдігінде биыл алғаш рет арнайы талқыланып, барынша пысықталғандай болды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов, ғылыми институттар мен қаржылай қолдау орталықтарының өкілдері, сала басшылары қатысқан кеңейтілген отырысқа өңірдегі барлық аудан әкімдері мен 500-ге жуық диқан онлайн арқылы қосылды.
– Өздеріңізге белгілі, өткен жыл облыстық агроөнеркәсіп кешені үшін күрделі жыл болды. Ауа райының қолайсыздығы саланың көрсеткіштеріне, тұтастай алғанда облыс экономикасына теріс әсерін тигізді, – деген облыс әкімі енді егіншіліктің ауа райына тәуелділік деңгейін азайтатын технологияларға көшетін уақыт жеткенін қадап айтты.
Облыс әдетте астықты 5 млн тоннадан асырып жинап алатын. Алайда былтыр құрғақшылық салдарынан бидай көлемі жылдағыдан 35%-ға кеміп, қамбаға небәрі 3 млн тонна дән құйылды. Шамамен 1 жарым млн тонна астық бастырылып, ұн жылдағыдан 36 пайызға кеміді. Салдарынан экспорт үлесі азайды. Есесіне мал шаруашылығында өсім бар. Мал басы 1 пайызға көбейіп, ет, сүт, жұмыртқа өндірісі өсті.
– Бұл көрсеткішке біз дер кезінде көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Араға 5-6 жыл салып бір айналып соғатын тақыр қуаңшылық былтыр бірден 8 ауданды тұралатып кетті. Амалсыз үкіметтен көмек сұрауға тура келді. Былтыр облыстың ауыл шаруашылығына мемлекет 33 млрд теңге бөлген. Нәтижесінде шаруашылықтар көктемгі және күзгі алқап жұмыстарына, салалық бағдарламалар бойынша алған малына, лизингтік техникасына төлейтін несиелерінің мерзімін ұзартып алды. 2019 жылы бидай бағасының жоғары болуы бір жағынан көптеген шаруашылықтың тұрақтылығын сақтап қалды, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.
Жиында биыл астық нарығындағы бәсеке бәсінің жоғары екені айтылды. Оған Ресей мен Қытайда егін шаруашылығының дамуы, Өзбекстан мен Тәжікстан диірмендерінің күш алып, жыл санап өндіріс көлемін ұлғайтып бара жатқаны ықпал етіп отыр. Сондықтан биыл бидайдың бағасы тұрақты болмайды. Қазір қымбат болып тұрғанымен, күзге салым күрт арзандап кетуі ғажап емес. Оны әлгі айтылған сыртқы ықпалдар асқындыра түсуі мүмкін. Әкімнің бірінші орынбасарының айтуынша, дайын астықты сата бермей, қазірден бастап қолдан келгенше бидай өңдеу саласын жан-жақты тереңдете дамытуға ұмтылған абзал. Алқаптарды әртараптандыру да аса маңызды: шаруашылықтар рапс, зығыр, жасымық, қарақұмық сияқты экспортқа кететін бағалы дақыл алқаптарын ұлғайтуы шарт.
Облыс шаруашылықтарында көктемгі егін науқанына сақтап отырған 525,6 мың тонна тұқымдық бидай бар. Бұл бүкіл шаруашылықтарға қажет тұқымның 99,5%-ы.
Жітіқара және Қамысты аудандарында 5 400 тоннадай тұқым жетпей тұрғанын айтқан облыс әкімінің бірінші орынбасары: «Облыстағы бидай тұқымын өсірумен айналысатын шаруашылықтарда 30 мың тонна жоғары сұрыпты тұқым бар. Аталған аудандардың әкімдіктері науқан басталғанша шаруашылықтардың барлығын тұқыммен толық қамтамасыз етуі тиіс», деді.
Әкімдікте айтылмай қалған тағы бір аудан бар. Биыл Науырзым өңіріндегі он шақты шағын шаруашылық тұқым таппай тарығып отыр. Былтырғы құрғақшылық бұл өңірдің де шаруасын зар жылатып, қамбасын қаңыратып кетті. Тығырыққа тірелген науырзымдық диқандардың жанайқайын газетіміз бұған дейін де жазған. Естір құлақ, көрер көз, жанашыр жақын, панашыл әкім болмады. Шендіден қайыр болмаған соң, қарапайым шаруа биыл алқапқа дән емес, қи себетін шығармын деп мүжіліп отыр.
Бәлкім бір амалын қарастырып жатқан болар деген үмітпен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына телефонмен хабарласып, «Науырзымда тұқым таппай жүрген шаруашылықтардың тағдыры қалай болады? Демігіп қалған диқандарды демеп жіберудің бір амалын қарастырып жатырсыздар ма?» деп сұрап көрдік. Өзін бас маман Дина Хамзина деп таныстырған сыпайы дауыс:
– У нас нет проблем. Сізге кім айтты оны? Біз Науырзым ауданын тұқыммен толық қамтамасыз етіп қойдық қой! – деді таңғалғанын жасыра алмай. Одан әрі бірдеме сұраудың өзі ыңғайсыздау болып қалды. Сәл тосылып қалып: «Қамысты ше?» дедік. Құлаққа қағаз сапырылысы келді, бірер сәттен соң, – Қамысты да тұқыммен толық қамтылды, – деген жауап естілді. Қайран қалдық. Облыс әкімінің бірінші орынбасары түске дейінгі жиналыста айтқан мәліметті басқарманың бас маманы түстен кейін жоққа шығарды. Амалсыз Қамыстыға телефон шалдық. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дәмір Алдоңғаров «Қайрат ӨКФ», «Содружество-98», «Тимофеев Агро», «Қаймақкөл Агро» тәрізді ірі серіктестіктер мен 10 шақты ұсақ шаруаларда биыл себетін тұқым жоқ екенін, әрқайсысы өз бетінше іздестіріп жатқанын айтты.
Жітіқараға хабарласып едік, ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының міндетін атқарушы Диар Айжаров: «Өзіңіз білесіз ғой. Былтыр жағдай қиын болды. Қазір аудандағы ұсақ шаруашылықтарға 2140 тонна тұқым жетпейді. Әкімшілік анда-мұнда шауып іздестіріп жүріп, енді ғана тапқандай болдық. Қазір Қарабалық ауданындағы элиталы тұқым өсіретін ірі шаруашылықпен келісім жасасып жатырмыз. Бұл мәселе көп ұзамай шешілетін болды», деді.
Биыл облыста 5 млн 200 мың гектар алқапқа дән егу жоспарланған. 3 млн 900 мың гектар алқапқа дәнді және дәнді бұршақ дақылы егілмек. 2 мың гектарды мал азығы алады. Майлы дақыл көлемін биыл 700 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр.
Дән сіңіру науқанына жалпы саны 23 мыңға жуық трактор, 1032 кешенді тұқым сепкіш техника қатысады.
ҚОСТАНАЙ
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Ұқсас жаңалықтар