Білім • 19 Наурыз, 2020

Білім орталықтары онлайн жүйеде арнайы бағдарламалар ұсынады

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдегі төтенше жағдайға байланысты демалысқа шыққан оқушылар мен студенттер үшін білім орталықтары онлайн білім жүйесін ұсынады.

Білім орталықтары онлайн жүйеде арнайы бағдарламалар ұсынады

Оқушыларға, ЖОО және колледж студенттеріне арналған білім сайттарының қатарында баршаға арналған Coursera жобасының онлайн білім жүйесін пайдалануға болады.  Бұл тізімде ұкіметтік емес Хан Акдемиясы білім беру ұйымы да бар. Ал оқушыларға арналған Bilim media Group 40 мыңнан астам білім қорын ұсынады. Daryn Online осы күндерде тегін онлайн жүйесін ұсынады.

Opiq оқушылар оқулықтарына арналған интерактивті курс. Басым бөлігі  «Алматыкітап баспасының» оқулықтары. Бұл жобаға басқа да баспалар қосылады деген болжам бар.  Электронды ресурста ҰБТ дайындалуға арналған виртуалды тернажер де бар. Ал бұл тізімді оқушылар мен студенттерге арналған NIS Play, STEM академиясы, iMektep бастауыш мектеп бағдарламасы,т.б. толықтырады.

Колледж студенттері үшін Atameken Academy – шағын әрі пайдалануға қолайлы контент. ЖОО–лар үшін  Moodle жүйесі, Qazaqstan tarihy республикалық электронды кітапхана жұмыс істейді.  Ал Blended learning математикадан интернет мектеп жүйесін ұсынады.

АЛМАТЫ