Әлем • 19 Наурыз, 2020

Қытайда коронавирусқа қарсы препарат сынақтан өтті

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Синхуа» мәліметтері бойынша, Қытай ғалымдары «Фавипиравир» препараты жаңа коронавирусқа апаратын пневмонияны емдеуде тиімді деп аталып отыр.

Қытайда коронавирусқа қарсы препарат сынақтан өтті

ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Ч.Синьминьнің айтуынша, препаратты ДСҰ коронавирусқа қарсы вакцина ретінде сынамадан өткізе бастаған. Препаратты қабылдаған пациенттер жылдам емделіп, өкпесі қалпына келген.

Оңтүстік Гуандун провинциясының Шэнчжэн қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирусы бар 80 пациенттің 35-і препарат қабылдаған. Белігілі бір аралықта тест теріс нәтижесін көрсетіп, қалғандарының жағдайы орташа есеппен 11 күннен кейін түзеле бастаған. Мүндай зерттеулер Ухан ауруханасында да жүргізілген. «Авиган» атауына ие «Фавипиравирді» тұмауды емдеу үшін Fujifilm Holdings жапон корпорациясы әзірлеген. Ол сондай-ақ, Эбола безгегіне қарсы қолданылған. Препараттың жағымсыз әсері соңғы алты жылдан бастап тіркелмеген әрі 2014 жылдан Жапонияда сатылымына рұқсат етілген.

АЛМАТЫ