Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Түркістан облысы аумағында блок-посттар қойылады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда облыс бойынша 380 мың текше метрге жуық жер дезинфекцияланған. 

Түркістан облысы аумағында блок-посттар қойылады

Оның 137 мыңнан астам шаршы метрі мектепке дейінгі білім беру нысандарына тиесілі болса, 14000 шаршы метр – қоғамдық тамақтанатын жерлер. Ал 16 743 шаршы метр аумақ – тамақ өнеркәсіптеріне, 18 908 шаршы метр – сауда орындарына тиесілі. Барлық залалсыздандыру жұмыстары мекемелер мен дезинфекциялық орталық келісімдерімен жүргізілуде.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов осындай деректер келтірді. Сондай-ақ Н.Нышанов Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне блок-посттар қойылатынын мәлімдеді. Келушілер арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана облыс аумағына енгізілмек.
Департамент мамандары барлық сақтық шараларын қолға алып, коронавирус дертін жұқтырған азаматтардың облыс аумағына енбеуін қадағалап отыр.

 

Түркістан облысы