Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Қарғын су әлі келген жоқ

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың дүмпуімен көктемгі қарғын судың қаупі, өзендердің тасқыны екінші кезекке сырғығанымен, олардың да апатын ұмытуға болмайды.

Қарғын су әлі келген жоқ

Кеше Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің бастығы Рамил Камалов Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы елді мекендердің су тасқынына қарсы шараларының барысымен танысты. Бұл аудан табиғаттың дүлей күшімен талай рет алысқан, сондықтан оған қарсы шаралар жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаментінің үнемі назарында болып келеді.

ТЖ департаментінің бастығы Р.Камалов жаңадан тағайындалған аудан әкімі Д.Әмринмен бірге Имантау, Константиновка, Гусаковка ауылдарына барды. Осы ауылдар аумағындағы Бабық Бұрлық, Осиновки өзендерінің су өткелдері мен көпірлерінің ағыстың күшіне төтеп бере алу мүмкіншілігімен танысты. Жалпы біршама жұмыс істелгенімен, кейбір су өткелдерінің аршылмай жатқанына атқамінерлер қынжылыс та білдірді. Осы тарапта тиісті қызметкерлерге ескертулер мен тапсырмалар берілді.

«Біздің ең басты міндетіміз - ауыл тұрғындарының амандығын сақтау. Ол үшін қарғын судың апатын бар күшімізді салып болдырмауға тырысуымыз керек» деді Рамил Камалов.

 

Солтүстік Қазақстан облысы,

Айыртау ауданы