Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Beeline телеарналардың төлемсіз толық топтамасын ұсынады

110 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Beeline коронавирус індетіне байланысты карантин кезінде «Үйдегі Интернет ТВ» қызметінің клиенттеріне телеарналардың толық топтамасын қосымша төлемсіз көру мүмкіндігін ашты.

Beeline телеарналардың төлемсіз толық топтамасын ұсынады

Компания карантин кезінде қазақстандықтарды қолдау үшін барлық қолжетімді телеарналарды қандай-да бір қосымша төлемсіз көрермендерге ұсынады. Beeline Қазақстанның Медиа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Сергей Лещенко «Бұл – соңғы оқиғалардан хабардар болып, уақытты қауіпсіз, әрі қызықты өткізуге көмектеседі деп үміттенеміз. Алда берекелі Наурыз мерекесі, көптеген бағдарлама – уақытты отбасының ортасында, теледидар алдында өткізудің тамаша мүмкіндігі. Қазақстандықтарға денсаулық, бейбітшілік және отбасына береке тілейміз», деп атап өтті.

«TV 90» және «TV 100+» топтамаларын қолданушылар «Үйдегі интернет ТV» қызметінің 177 телеарнасын және BeeTV-де ТОП 30 жаңалық пен ойын-сауық арнасын көре алады.

Көрермен ТНТ, Первый канал СНГ, Балапан, Euronews тәрізді рейтингі жоғары телеарналар мен Қазақстанның аймақтық арналарын үйдегі карантин кезінде еш шығынсыз көру мүмкіндігіне ие. Жаңалықтар, фильмдер және ең өзекті ТВ-бағдарламалар енді BeeTV қызметінде де қол жетімді: ТОП 30+ арна, соның ішінде Euronews телеарнасы 31 наурызға дейін тегін көрсетіледі.

BeeTV мобильді сервисі – бұл Beeline клиенттерінің телевизия бағдарламаларын, фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді интернет-трафик шығындамай және жарнамасыз көру мүмкіндігі. Қызметтің артықшылықтары қатарында – әртүрлі құрылғыдан – смартфоннан және планшеттен қосылу мүмкіндігі, сондай-ақ телеарналарды тоқтатып қою және соңғы тәуліктегі телебағдарламалар архивін көру мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар көрермен үлкен экранда «Үйдегі интернет TV» қызметіне қол жеткізе алады, бұл – 177 арна, 6 000-нан астам фильм мен телехикая. Сервис әйгілі 62 телеарнаның соңғы екі күндегі телебағдарламалар архивін, голливуд пен ресейдің үздік студияларының фильмдері мен мультфильмдерін HD сапада және жарнамасыз ұсынады.

АЛМАТЫ