Бұл дабылдан шошып кеткен дәрігерлер дереу жолға шыққанымен әйел хабарласқан елді мекеннен ондай адамды таба алмай дал болады. Сосын полицияға хабарлап, өздеріне осындай дабыл түскенін айтады.
Бұл оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында болған еді. Ауданның барлық полициясы аяғынан тік тұрып, әйелді іздейді. Ал ол бұл уақытта қаннен-қаперсіз осы ауданның басқа ауылындағы үйінде отырады. Полиция қызметкерлері оны өзінің үйінен ұстайды. Сөйтсе, аталған мезгілде бұл ауылға ешқандай шетелдік те келмеген, әйелдің бойынан коронавирустің белгілері де табылмаған.
Енді әзәзілдің қызуына бөрткен «әзілқой» әйелге 40 мың теңгенің көлемінде айыппұл салынбақшы. Арнаулы қызметті алдап шақырғандығы үшін Әкімшілік кодексте осындай жаза қарастырылған.
Солтүстік Қазақстан облысы