Тұяқбаевтың айтуынша, қалаға кіруге тыйым салынбаса, карантиннің мәні кетеді. Сондай-ақ, компанияларға өз қызметкерлері үшін қала ішінде уақытша тұрғын үй іздестіруді ұсынды.
- Күн сайын жарты миллионға жуық адам облыстан қалаға жұмысқа келеді. Біз үй-жай табуға көмек көрсете аламыз. Қазір барлық қонақ үй, жатақхана, хостель бос тұр. Бұл карантин кезінде қалаға көшуге жақсы мүмкіндік. Немесе қызметкерлерді ақылы демалысқа шығарып, болмаса қашықтан жұмыс істеуге көшіруге болады, - деді ол брифингте.
Сонымен қатар әкім орынбасары қалаға тауар кіргізу мәселесіне тоқталып, «Жасыл дәліздің» жұмысы туралы айтып өтті.
«Кәсіпкерлер өндірушілер өз тауарларын қалаға қалай кіргізеді және қала өндірушілері тауарды қала сыртына қалай шығарады деген сауал қойып жатыр. Бұл мәселе бойынша жасыл дәліз» енгізілді. Яғни, қаланың ішінде болсын, сыртында болсын, ешқандай мәселе жоқ. Барлығына рұқсат беріледі. Әрине, арнайы талаптар сақталады» деп түсіндірді ол.