Маңғыстау облысы аумағында өнеркәсіп саласында 40-тан астам ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «КазАзот» АҚ, «Бұрғылау» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС және т.б. кәсіпорын басшылары осындай ұйғарымға келген.
Енгізілген төтенше жағдайға байланысты өңірдің ірі кәсіпорындары коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында барлық жиналыстарды телефон және бейнеконференция байланысы арқылы өткізуге көшті.Кәсіпорын қызметкерлері жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы пайдаланылмаған күндерімен еңбек демалысына жіберіліп жатыр. Сондай-ақ, барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылып, кәсіпорындарда жедел штаб отырыстары күн сайын өткізіледі.
Маңғыстау облысы