![Алматы қаласындағы музейлер жұмысы уақытша тоқтады](/media/2020/03/19/070024273000.jpg)
Музейлер жабық тұрған уақытта келушілермен байланыста қалу үшін біз цифрлық мазмұнда жұмыс істейтін боламыз. Яғни, музейге келуді талап етпейтін жолдар арқылы музейлер коллекцияларымен, фото-видео материалдармен бөлісіп отырамыз.
Осыған орай, Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілерінде Алматы музейі – almatymuseum; Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – ykhlas_museum; С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені - muzey_s.g.m; Д.А. Қонаев музейі – museumkunaev; Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі – tlendiyev_museum; Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы – multimedia_center арқылы музейлер қорымен танысуға болады.
Музейлердің жұмыс жоспарлары, көрмелер ашылғаннан кейінгі уақытта қарастырылады. Қосымша ақпарат алу үшін [email protected] және 267-59-05 телефон нөмірлері арқылы хабарласу қажет.
АЛМАТЫ