24 Тамыз, 2013

Әр оқушыға – сапалы білім мен тәрбие

561 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық уни­вер­ситетінде «Сапалы білім мен тәрбие – Қазақстанның мем­ле­кеттік саясатының басымдығы» деген тақырыпта рес­пуб­ликалық тамыз кеңесі өтті.

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық уни­вер­ситетінде «Сапалы білім мен тәрбие – Қазақстанның мем­ле­кеттік саясатының басымдығы» деген тақырыпта рес­пуб­ликалық тамыз кеңесі өтті.

Жаңа замандағы білім қандай деңгейде болу керек, ол деңгейге жету үшін алдымен нендей кемшіліктерді түзеп, қайсы бір мәселелерді шешу қажет деген тұрғыда өткізілген бұл кеңеске Астана мен Алматы қалаларынан, облыстардан келген делегаттар, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, балалар құқын қорғау департаменттерінің басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Білім мен тәрбие – егіз. Сон­дық­тан білімге қатысты үлкен жиын­дардың барлығында баланы қалыптастыратын алғашқы орта – балабақшалардың жай-күйі бірінші кезекте қарастырылады. Білім және ғылым министрі Ба­қыт­жан Жұмағұловтың баяндама­сында да балабақшаларға қа­тыс­ты мәселелер кеңінен қам­тыл­ды. Мектепке дейінгі даяр­лық­тың жаңа сапасына көшу, мектепке дейінгі оқытуда жа­ғым­сыз құбылыстарды жою қа­жет­тігі айтылды. «Біз балаларды ерте оқытуға көшудің әлемдік тә­жірибесін меңгеруіміз қажет. Оны сынақтан өткізіп, отандық әзірлемелерді жасау керек. Ха­лық­аралық сарапшылар біздің әлі де болса балалардың ерек­ше сензитивтігіне мән бер­мейтінімізді айтады.

Осыған байланысты ең маңызды бағыттардың бірі – мектеп жасынан бастап көп тілді оқытуды дамыту болып отыр. Қазіргі кезде 200-дей балабақша іріктеліп алынды. Олар тілдерді ерте оқыту бойынша эксперимент алаңы болмақ», – деген министр қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялар мен дамыту ойындарын және оқыту бағдарламаларын жаңа деңгейге көтеру керектігін де атап көрсетті. Рас, балабақша жасынан бастап үш тілді қатар үйретуге жұрттың бәрі құлап отырған жоқ. Оған қарсы уәж айтушы ғалымдар да жоқ емес.

Министр балабақшалардағы жағым­сыз құбылыстарды да тізіп шықты. Яғни, балаларды орналастыру кезінде жасырын ақша сұрау, балалардың санын өсіріп жазу сияқты келеңсіздіктер орын алуда.

Еліміздің 2015 жылдан бастап кезең-кезеңмен он екі жылдық оқыту жүйесіне көшетіні белгілі. Бұл орайда қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Әрине, ең алдымен, мектептерде үш ауысыммен оқытуды болдырмау және апатты мектептердің санын азайту мәселелерінің өзектілігі байқалады. Ми­нистр өз баяндамасында оқушылар орнының тапшылығы (73,5 мың) мен апатты мектептерде жөндеу жұмыстарын алдын ала жүргізу қарастырылмағанын, жергілікті жерлерден қаражат іздеу баяу жүріп жатқанын тілге тиек етті. Соған қоса шағын жинақты мектептерге қолдау көрсету мәселесі де атап өтілді. Өйткені, рес­публика бойынша шағын мектептерде оқушылардың 15 пайызы ғана білім алғанымен, сол мектептер еліміздегі жалпы мектептер санының 56 пайызын құрайды екен. Ол мектептерді дамыту үшін жергілікті органдармен бірлесіп, білікті педагогтарды іріктеу, оларды ынталандыру, жағдай жасау мәселелері қозғалды.

Баяндамашы педагог мәртебесін көтеруге қатысты бірқатар ойларымен бөлісті. Тиісті еңбекақыны өсіре отырып, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін де түбегейлі қайта өзгерту керектігіне назар аударылды. Елімізде Назарбаев зияткерлік мектебінде Кембридж технологиялары бойынша үш айлық курстың жұмыс бастағаны, курстан өту үшін мұғалімдердің мүлдем жаңа тәсілдерді меңгеруге дайын болуы қажеттігі, соның негізінде мұғалім мансабының жаңа моделі ұсынылуы тиістігі баяндалды. «12 жылдық оқытуға көшуге байланысты білім беру мазмұны да барынша өзгереді. Елбасы білім беруге әлемдік практиканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін кіріктіруді айқындаған болатын. Мұнда Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату маңызды рөл атқарады. Тағы бір маңызды бағыт – адам өмірінің жаппай компьютрленуі. Осынау жаһандық үрдіс балаларымыздың өміріне интернет, әлеуметтік желілер арқылы енуде. Жаңа коммуникациялық технологиялар жаңа ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, адамдардың ойлау жүйесін де өзгертетіні белгілі. Біздің балаларымыз сандық ақпарат айдынында еркін жүзуде. Бірақ балалардан қалып қоймауға барлық мұғалімдердің шамасы жете ме? Өкіні

Соңғы жаңалықтар