Келесі маусымнан бастап ішкі біріншілікке қатысуға Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Әл-Айн қаласының командасы өтініш берген. Қазіргі таңда екі ел арасындағы жол қатынасы, келесі маусымның шығыны және клуб бюджеті бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Егер БАӘ командасы алдағы маусымда ел чемпионатына қатысатын болса, ішкі біріншіліктегі екінші шетелдік команда атанбақ. Жанкүйерлердің есінде болса, биылғы маусымнан бастап Өзбекстанның «Хумо» клубының фарм-командасы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп жатыр.
Хоккейден Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы 2020 жылдың 25 тамызы мен 2021 жылдың 25 сәуір аралығында өтеді деп жоспарлануда.