Әлем • 19 Наурыз, 2020

Huawei Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының 2.0 бағдарламасын таныстырды

272 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Huawei алдағы бес жыл ішінде екі миллионға жуық АКТ мамандарын дайындайтын Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының 2.0 бағдарламасының таныстырылымын өткізді.

Huawei Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының 2.0 бағдарламасын таныстырды

Сандық түрлендіру - Live конференциясы барысында Huawei компаниясы мамандары Huawei АКТ Академиясының 2.0 бағдарламасын ресми түрде таныстырып, бағдарлама арқылы алдағы бес жыл ішінде университеттермен бірлесіп, екі миллионға жуық маман дайындауды және сандық дағдыларды кеңінен таратуды мақсат ететіндігін атап өтті. Бұл Huawei-дің цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі бастамасының бір бөлігі болып саналатын цифрлық технологияның артықшылығын кеңейтуге арналған TECH4ALL аясындағы шара.

2013 жылдан бастап құрыла бастаған Huawei АКТ академиялары университеттер мен колледждерге оқытушыларды даярлауға, АКТ мамандықтарын ашуға және оңтайландыруға, оқу бағдарламаларын жетілдіруге және зертханаларды құруға көмектесетін сапалы курстар мен қолдау қызметтерін ұсынып келеді.

2015 жылдан бастап Huawei 600-ден астам халықаралық университетпен бірлесіп, Huawei АКТ академияларын құрды. 1500-ден астам оқытушыларды дайындауға қолдау көрсеткен компания аталмыш бағдарлама аясында Алматы және Нұр-Cұлтан қалаларындағы университеттерде 5 АКТ академия ашып, онда 300-ден астам студент білім алып шықты.

Huawei АКТ академиясы АКТ технологиялары мен өнімдерін әлемнің жоғары оқу орындарындағы студенттерге таныстырып, Huawei сертификаттауына қатысуға шақырады. Сонымен қатар қоғам мен ғаламдық АКТ индустриясы үшін инновациялық және қолданбалы бағытқа бейімделген техникалық талантты мамандарды даярлайды.

Huawei АКТ Академиясының бағдарламасы 2020 жылы 2.0 кезеңіне енеді. Бес жылдық жоспарына сәйкес Huawei 2 миллион АКТ мамандарын дайындай келе 5G және жасанды интеллект (AI) тәрізді заманауи технологиялар саласындағы ЖОО-Кәсіпорын ынтымақтастығы негізіндегі шешімдерін үнемі жаңартып отырады.

Осы мақсатқа жету үшін Huawei компаниясы алдағы бес жыл ішінде жалпы инвестициясы кемінде 50 миллион АҚШ долларын құрайтын Huawei АКТ-ны Дамытуды Ынталандыру Қорын (ADIF) құрады. Бұл қор АКТ академияларының келесі төрт қадам аясында тұрақты түрде жұмыс істеуіне көмектесетін болады: студенттердің практикалық дағдыларын жақсарту үшін бірлескен университеттерді оқу-эксперименттік жабдықтармен қамтамасыз ету; ADIF арқылы мұғалімдерді оқыту, студенттерді Huawei сертификаттау емтихандарын тапсыруға ынталандыру үшін емтихан билеттерін тегін беру және үздік оқытушылар мен студенттерді марапаттау үшін білім қорын құру; студенттерге өзара қарым-қатынас орнатуға және өздерінің таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру үшін Huawei АКТ байқауын өткізу; студенттерге жұмыс табуға көмектесу мақсатында АКТ бойынша мамандар жәрмеңкесін ұйымдастыру бойынша серіктестермен ынтымақтастық.

Huawei Enterprise BG Серіктестік қызметі вице-президенті Ханк Стокброек Huawei АКТ академияларын құруды жалғастыра отырып, жыл сайын 600-1000 Huawei АКТ академиялары құрылатындығын атап өтті. Оның нәтижесінде әлемдегі сандық университеттердің оқытушылары мен студенттеріне сапалы білім алуға, цифрлық дағдыларын жетілдіруге және салаға серпін беруге мүмкіндіктер туатын болады.

Болашақта Huawei экожүйенің барлық тараптарымен ынтымақтастықты нығайтып, инвестициялардың артып, салалардың сандық түрленуіне ықпал ететін толық циклді экожүйенің құрылысын дамытатын болады.

 АЛМАТЫ