Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Ақтаудағы балабақшаларда тазалық шаралары күшейтілді

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған нысанның бірі – балабақшалар. Қазір Ақтаудағы 81 бөбекжайдың барлығы штаттық режимде істеп тұр. Әр 2 сағат сайын ғимарат хлор препараттарымен тазаланып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар жасалады.

Ақтаудағы балабақшаларда тазалық шаралары күшейтілді

Балалардың қолы да антисептикалық құралдар және сабынмен жиі жуылады. Осы мақсатта бюджеттен қаражат бөлініп, қажетті нәрселермен толықтай қамтылған. Бұл туралы Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаеваның айтуынша, балабақшаға баланы апару-апармау ата-ананың өзінің құқығында. Бүлдіршінді үйінде қалдыруды орынды деп шешкен ата-аналар тәрбиешілерге хабарласып, ескертсе жеткілікті. Балабақшаның өтемақысы баланың барған күніне ғана есептелінеді. Бұл жекеменшілік ұйымдарға да қатысты.

4

Мамандар төтенше жағдайға байланысты балабақшаға келіп жүргендердің саны едәуір азайғанын айтады. Қаладағы  46 жекеменшік, 34  мемлекеттік бөбекжайға  5142 бала баруда. Бұл төтенше жағдайға дейінгі бала санының 34%-ын құрап отыр.

    - Алаңдаудың қажеті жоқ. Балабақшалардың барлығында жоспарлы негізінде жылына 4 рет жоспарлы дезинфекция жүргізілетін болса, бүгінгі таңда елдегі қауырт жағдайға байланысты жоспардан тыс дезинфекицялық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде және балабақшаның ішкі ылғалды хлор рестворлармен 2 сағат сайын жүргізіліп отыр, дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10