Спорт • 19 Наурыз, 2020

Болат Өтемұратов қоры covid-19 анықтайтын жедел-тестке 200 млн теңге бөледі

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың қоры Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавируспен күреске қаржылай көмек береді.

Болат Өтемұратов қоры covid-19 анықтайтын жедел-тестке 200 млн теңге бөледі

Теннис федерациясының хабарлауынша, қор 200 млн теңгеге адам ағзасында covid-19 вирусының бар-жоғын анықтайтын жедел-тест сатып алады және Денсаулық сақтау министрлігі және басқармаларымен бірлесе отырып, сараптама жасайтын мобильді пунктілерді ұйымдастырады.

Денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жедел сараптама жасайтын 10 мобильді топтан ұйымдастырады. Топ адамдар көп жиналатын жерде жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, дәріханаларда, супермаркеттерде, қоғамдық көлік аялдамаларында және теміржол вокзалдарында.

«Жедел-тесттерді ұйымдастыра отырып, Болат Өтемұратов қоры мен оның құрылтайшысы елімізде коронавирус инфекциясына қарсы күреске өз үлестерін қосады. Біріншіден, біз вирус жұқтырғандарды уақытылы анықтап, емдеуге жібереміз. Екіншіден, вирустың таралуын шектейміз. Үшіншіден, вирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсеткен адамдарға өзінің және жақындарының денсаулығына алаңдамауға көмектесеміз», деді Б.Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.