Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында адамдар арасында физикалық байланыс болдырмау үшін әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді, атап айтқанда жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдемдесу; шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру және (немесе) ұзарту; өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру; жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама және т.б.) қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы ұсынады.
-Сондай-ақ басқарма қағаз түрінде көрсетілетін қызметтерді электрондық үкімет порталының «электрондық өтініштер» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндік жасап отырмыз. Бұл үшін облыс тұрғындары Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен порталда тіркелуі қажет. Осылайша, үйден шықпай-ақ, бұрын қағаз тәсілімен көрсетілетін 24 қызметті қашықтықтан алуға болады,- деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының міндетін атқарушы Жайсаңгүл Досполова.
«Электрондық өтініштер» веб-порталын пайдалану үлгісі облыс әкімі аппаратының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі басқарма беттерінде орналастырылған.
Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2,0 млрд теңге бөлінді, оның 1,5 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен, 500,0 млн теңгесі республикалық бюджеттен. Елдегі жағдайдың қазіргі жай-күйін ескере отырып, республикалық бюджеттен 196,0 млн. теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді.
Маңғыстау облыс тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын 605 464 (жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі) және 605 448 (әлеуметтік көмектер бөлімі) телефондары бойынша қоя алады.
Бүгінгі таңда азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларымен көбірек қамту үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп халықты жұмыспен қамтудың Жол картасы әзірленуде. Жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты және абаттандыруды дамыту жобаларына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру көзделген. Жұмысқа орналасқан азаматтардың жалақысы кемінде ең төменгі жалақының 2 еселенген мөлшерінен кем емес болады.
Маңғыстау облысы