Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

«Атамекен» ҰКП онлайн режимде кәсіпкерлер мәселесін шешуге дайын

356 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде орын алған ахуалға байланысты «Атамекен» ҰКП 16 наурыздан бастап арнайы жедел штаб құрылды. Осы үш күн ішінде кәсіпкерлер тарапынан 5660 өтініш қабылданып, жұмысшылар санын қысқартуға мәжбүр болған компаниялардың шарасыздығына қатысты сұрақтар көптеп туындаған. Жалпы  берілген 5660 өтінштің 85 пайызы бұл шағын бизнес, 13 пайызы орта бизнес, 2 пайызы ірі  бизнес өкілдерінен жолданған.

«Атамекен» ҰКП онлайн режимде кәсіпкерлер мәселесін шешуге дайын

Осы орайда жауап берген «Атамекен» ҰКП Аппарат жетекшісі Нұралы Бөкейханов ғимарат немесе жерді жалға алу құнын төлеуді ұзарты немесе босату, коммуналдық қызметтер ақысынан босату, шикізаттын жетіспеушілігі немесе қымбаттауы, құрамдас бөлшектердің жетістігі мәселесіне орай туындаған сұрақтарға жауап берді. Мұның барлығы шекаралардың жабылу мен арнайы қауіпсіздік шараларының енгізілуі салдары орын алған оқиғалар.

Өтінім жазғандардың 2000 мыңнан астамы бұл қызмет саласы, білім беру орталықтары, сұлулық салондоры, консалтинг компаниялар.  5660 кәсіпкерлердің 50 пайызы Нұр-Сұлтан және Алматы кәсіпкерлерін құрайды.  Бұл сұрақтарды арнайы құрылған штаб шешуге тырысады. Толық қауіпсіздік шаралары қолданылған. Ал кәсіпкерлер тарапынан біріншіден, қаражат бойынша сұрақтар туындаған. Яғни, ең бастысы біріншіден, кредит төлеу мерзімдерін ұзарту, екіншіден салық төлеу мерзімдерін ұзарту, үшіншіден кәсіпорындардың еңбек ресурстарынан сақтауға өтемақы беру, төртіншіден  жалдау ақысын азайту немесе босату.

Көптеген кәсіпкерлер шикізат немесе бөлшектер жетіспеушілігін айтуда. Бұл сұрақтардың да шешімі қарастырылуда. Арнайы анықтама жасалынды. Оны «Атамекен» сайтынан алуға болады. Бұл ақпараттар мемлекеттік органдарға жіберіліп, қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен арнайы шаралар жүргізілуде.

Кәсіпкерлерге арнайы колл центр ұйымдастырылып, 1432 нөмірі арқылы байланысқа шығуға болады. Онда кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтар мен ұиындықтар туралы хабарлай алады. Ақпараттың бәрі жүйелі түрде жинақталып, тиісті орындарға жіберіледі. Қазіргі кезде «Атамекен» ҰКП еншілес компаниясы Қазақстанның сыртқы сауда Палатасы аяқ асты туындайтын жағдайларға байланысты әрбір кәсіпкерге құжаттар беруде. Мұның барлығы тегін жүзеге асады.  Сондықтан әр кәсіпкер өзін мазалаған сұрақ бойынша 1432 нөмеріне хабар берсе, арнайы құжат беріледі. Бұл құжат сізге сотта, банкте немесе мемлекет пен шешім қабылданғанда тағы да орындарда  қажет болуы мүмкін. Басқа да сұрақтарға байланысты кеңестер берілетін болады. Қазіргі кезде «Атамекен» ҰКП онлайн режимде жұмыс істейді.

 

 

АЛМАТЫ