Қоғам • 20 Наурыз, 2020

«Наурыз мейрамы – біздің бірлігіміздің нышаны»: Нұрсұлтан Назарбаев халықты ынтымаққа шақырды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент - Елбасы пандемияға қатысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде жинақталған алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор қаражаты әрдайым біздің қабылдаған шараларымыз бен жалпыұлттық экономиканы қолдауға септігін тигізгенін айтты.

«Наурыз мейрамы – біздің бірлігіміздің нышаны»: Нұрсұлтан Назарбаев халықты ынтымаққа шақырды

«Қазір осы күрделі ахуалдан шығу үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурс бар, қор да жеткілікті. Бұл – біздің «Алдымен эко­но­мика, сосын саясат» қағи­да­тына негізделген бағыт-бағ­да­ры­мыздың нақты нәтижесінің бірі. Жаңадан мемлекет құру оңай емес, ал оны сын-қатерден қорғау және тәуелсіздікті сақтап қалу одан да қиын» деді Елбасы.

Сонымен қатар Тұңғыш Президент бізде тәжірибе де, нақты іс-әрекет алгоритмі де бар екенін мәлімдеді. 

«Мен ұлтты ұйыстырудың, бір­лік пен қоғамдағы келісімнің ма­ңыз­дылығын үнемі айтып келе­мін. Тұтастығымызды тағы бір рет дәлелдейтін күн туды. Еліміздің барлық азаматтарын төзімділік танытуға, мемлекет қабылдап жатқан шараларды қолдауға шақырамын. Бірлік барда алынбайтын асу жоқ» деген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Келе жатқан Наурыз мейрамы – біздің бірлігіміздің нышаны. Шуақты мереке қарсаңында әрбір шаңыраққа шаттық пен игілік тілеймін! Барлық ауыртпалық бізді айналып өткей.

Қазақстан бұл қиындықты да еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады деп нық сенемін. Біз біргеміз!» деді Елбасы.