Экономика • 20 Наурыз, 2020

Түркістан: 13 тонна «құрғақ қымыран» Қытайға экспортталды

28 реткөрсетілді

Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспары қабылданды. Жоспарға сәйкес биыл Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында қосымша 3962 түйе сатып алынып, сүттің көлемі 14 250 тоннаға ұлғайтылуы тиіс.  Осылайша, Түркістандағы түйе сүтін қайта өңдеу зауытының қуаттылығын 15 %-ға арттыру көзделіп отыр.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында түйе шаруашылығын кеңейту жобасында жылдық 6%-бен несиелендіру жолдары қарастырылған. Ауылшаруашылық саласының мамандары облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жүзеге асырыла бастаған жоба 8-9 айда өзін-өзі ақтайтынын айтуда. Бүгінгі күні түйе шаруашылығын дамытуға ниеттенген 80 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері анықталған, 3070 аналық түйе сатып алынбақ. Бұл орайда қаржы ұйымынан құны - 1 млрд 115 млн теңге болатын 3 жоба мақұлданып отыр.

Сондай-ақ, «Golden camel group ltd» ЖШС-ы «1000 басқа арналған сауынды түйе кешенін салу» жобасын іске асыра бастады. Осы арада айта кетелік, тәулігіне 100 тонна түйе сүтін қайта өңдеу мүмкіндігі бар «Golden camel group ltd» толық қуатында жұмыс істей алмай келеді. Қазіргі таңда кәсіпорын 5 сүт қабылдау бекеттері (Созақ, Ордабасы, Отырар аудандары мен Түркістан қаласы) арқылы 20 шаруа қожалықтарымен келісімшартқа отырып, тәулігіне  5 тонна түйе сүтін қабылдауда. Бір литрін 1000 теңгеден өткізіп отырған түйе шаруашылықтары және ауыл тұрғындары үшін өнім өткізуге үлкен мүмкіндік жасалуда. Жуырда «Golden camel group ltd» ЖШС Қытайға түйе сүтінен дайындалған 13 тонна дайын ұнтақ өнімін экспортқа шығарды.

 Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Оралда 71 ұйымға рұқсат берілді

Аймақтар • Бүгін, 21:56

Бензин бағасы арзандады

Экономика • Бүгін, 21:38

Абайдың әнін шырқады

Абай • Бүгін, 20:07

14 отбасыға қол ұшын созды

Қазақстан • Бүгін, 19:51

Онлайн жыр орталығы ашылмақ

Руханият • Бүгін, 19:35

«Birgemiz» қорына 13 млрд теңге түсті

Қазақстан • Бүгін, 18:32

Коронавирус Көкшетауға да келді

Коронавирус • Бүгін, 18:24

Салық салмақ салмайды

Қаржы • Бүгін, 17:50

Бетперде киген көктем - 3

Таным • Бүгін, 17:30

Ұқсас жаңалықтар