Бұл шешім АПЛ, Чемпионшип, бірінші және екінші Лига командаларына қатысты.
«Футбол ассоциациясының (FA) ережесі бойынша, ойындар 1 маусымға дейін аяқталуы тиіс болатын. Бірақ FA басшылығы 2019/2020 маусымды созуға келісім берді. Сондай-ақ командалардың 30 сәуірге дейін матч өткізуіне шектеу қойды», – делінген лига хабарламасында.
Бұған дейін АПЛ матчтары 4 сәуірге дейін тоқтатылған еді.