Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 шешімі бойынша облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері құзіреттеріне сәйкес 2020 жылғы 22 наурыз күні сағат 00:00 бастап автомобиль көлігінің барлық түрімен жолаушылар тасымалдауды тоқтатуды қамтамасыз етуі тиіс. Ал жолаушыларды транзиттік тасымалдау Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары аумағына кірмей жүзеге асырылады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады

2020 жылғы 22 наурыз күні сағат 00:00 бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына/қалаларынан автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады.   

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 16 наурыздағы шешіміне сәйкес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиямен арада автомобиль көлігінің барлық түрімен екіжақты жолаушы және жүк тасымалдау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар тасымалдау тоқтатылды.    

Бұл тыйым халықаралық қатынастағы жүк автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауға таралмайды.