Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Түркістан: Тігінші бетперделерді тегін таратты

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Созақ ауданы Созақ ауыл округінде тігін тігіп, нәпақасын тауып отырған Жәмила Қанапина бүгінгідей қиын кезде кәсібін ізгі іске жұмсап, көпшілікке жәрдемдесуді мақсат еткен. Осы орайда ол бір күнде 300 бетперде тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратты.

Түркістан: Тігінші бетперделерді тегін таратты

«Қазір көп жерде медициналық бетперде табу қиындық тудырып отыр. Бағасы да шарықтап барады. Енді мата жеткізіліп берілсе, көбірек тігіп халыққа тегін таратам», дейді Жәмила Қанапина. Аудандық төтенше жағдай жөніндегі штаб төрағасының орынбасары Бағдат Айдарбеков осындай қиын сәтте, қайырымды іс жасап отырған тігіншіге алғысын білдірді. Ауыл әкімі Батырхан Аяповқа кәсіпкерлерді ұйымдастырып, матамен қамтамасыз ету жөнінде кеңес берді. Ал ауыл тұрғындары тігіншінің бұл үлгілі ісіне ризашылықтарын білдіруде.