Спорт • 20 Наурыз, 2020

Футбол: Қай елдің чемпионаттары тоқтатылды?

119 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дүниежүзін дүрліктірген коронавирус індетінен түрлі спорттық шаралар кейінге қалдырылып, кейбіреулері белгісіз мерзімге дейін тоқтатылып жатыр. Солардың ішінде миллиондар ойыны саналатын футбол матчтары да бар.

Футбол: Қай елдің чемпионаттары тоқтатылды?

Kazfootball.kz басылымының мәліметі бойынша, дәл қазіргі уақытта УЕФА құрамына кіретін елдерден тек екі елдің ішкі чемпионаты тоқтаған жоқ. Түркияда чемпионат ойындары жалғасып жатса, Беларусь біріншілігі өз уақытында басталады. Сонымен қатар Швеция чемпионаты да сәуір айында басталады деп жоспарлануда. Ел билігі ойындарды тоқтату туралы әлі тапсырма берген жоқ.

Коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған УЕФА құрамына кіретін ел чемпионаттарының тізімін ұсынамыз.

Албания чемпионаты – 13 наурыздан

Андорра чемпионаты – 15 наурыздан

Армения чемпионаты – 14 наурыздан

Аустрия чемпионаты – 14 наурыздан

Әзербайжан чемпионаты – 14 наурыздан

Беларусь чемпионаты – өз уақытында басталады

Бельгия чемпионаты – 15 наурыздан

Босния және Герцеговина чемпионаты – тоқтатылды

Болгария чемпионаты – 13 наурыздан

Хорватия чемпионаты – 13 наурыздан

Кипр чемпионаты – 14 наурыздан

Чехия чемпионаты – 11 наурыздан

Дания чемпионаты – 13 наурыздан

Ағылшын чемпионаты – 11 наурыздан

Эстония чемпионаты – 14 наурыздан

Фарер аралдары чемпионаты – біріншіліктің басталуы кейінге қалдырылды

Финляндия чемпионаты — біріншіліктің басталуы кейінге қалдырылды

Франция чемпионаты – 13 наурыздан

Грузия чемпионаты – 11 наурыздан

Германия чемпионаты – 13 наурыздан

Гибралтар чемпионаты – 14 наурыздан

Греция чемпионаты – 14 наурыздан

Венгрия чемпионаты – 21 наурыздан

Исландия чемпионаты – біріншіліктің басталуы кейінге қалдырылды

Израиль чемпионаты – 14 наурыздан

Италия чемпионаты  – 13 наурыздан

Қазақстан чемпионаты – тоқтатылды

Косова чемпионаты – 14 наурыздан

Латвия чемпионаты – біріншіліктің басталуы кейінге қалдырылды

Литва чемпионаты – 13 наурыздан

Люксембург чемпионаты – 14 наурыздан

Мальта чемпионаты – 13 наурыздан

Молдова чемпионаты – біріншіліктің басталуы кейінге қалдырылды

Черногория чемпионаты – 14 наурыздан

Нидерланды чемпионаты – 13 наурыздан

Солтүстік Македония чемпионаты – 15 наурыздан

Солтүстік Ирландия чемпионаты  – 14 наурыздан

Норвегия чемпионаты – біріншіліктің басталуы кейінге қалдырылды

Польша чемпионаты – 13 наурыздан

Португалия чемпионаты – 13 наурыздан

Ирландия чемпионаты – 13 наурыздан

Румыния чемпионаты  – 13 наурыздан

Ресей чемпионаты – 20 наурыздан

Сан-Марино чемпионаты – 29 ақпаннан

Шотландия чемпионаты – 13 наурыздан

Сербия чемпионаты – 18 наурыздан

Словакия чемпионаты – 14 наурыздан

Словения чемпионаты – 13 наурыздан

Испания чемпионаты – 15 наурыздан

Швеция чемпионаты  – біріншілік сәуірде басталады

Швейцария чемпионаты – 29 ақпаннан

Түркия чемпионаты — турнир жалғасуда

Украина чемпионаты – 24 наурыздан

Уэльс чемпионаты – 13 наурыздан тоқтады.