Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

АШМ инспекторлары Ираннан келген қауіпті 62 тонна қиярды жойды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды.

АШМ инспекторлары Ираннан келген қауіпті 62 тонна қиярды жойды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесін анықтады, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр  тәркіленіп, дереу жойылды.