Штабта кәсіпкерлер төмендегі мәселелер бойынша кеңес ала алады:
Жүк тасымалы (азық-түлік және медициналық тауарлар); жергілікті атқарушы органдар және кәсіпкерлік субъектілеріне тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде көмектесу; жұмыспен қамту; жұмыссыздарды қайта оқыту және кәсіби бағдарлау; форс-мажорлық жағдай туралы сертификат алу; салықтар; екінші деңгейлі банктермен несиелерді төлеу бойынша кейінге қалдыру/демалыс беру бойынша өзара қарым-қатынас; әлеуметтік маңызды азық-түліктік тауарларға бағаларды мониторингілеу.
Кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін басқа сұрақтар бойынша Call-орталыққа 1432 9:00-ден 22:00-ге дейін хабарласуға болады.
Нұр-Сұлтан қаласында: 8 7172 91 90 80 (18.30-ға дейін)
Алматы қаласында: 8 7273 31 01 33 (18.30-ға дейін)