Әлем • 20 Наурыз, 2020

Франция Президенті Макрон алдағы он жылда ғылыми зерттеулерге 5 млрд еуро бөлінетіндігін айтты

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция Президенті Э.Макрон Пастер институтында коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеумен айналасып жатқан зерттеушілермен кездесті. Осы кездесуде Макрон алдағы он жылда ғылыми зерттеулерге 5 млрд еуро бөлінетіндігін айтты.

Франция Президенті Макрон алдағы он жылда ғылыми зерттеулерге 5 млрд еуро бөлінетіндігін айтты

Covid-19 вирусына қатысты туындаған ахуал ғылыми зерттеулердің маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар жағдай ұзақ мерзімді кезеңде салаға ауқымды инвестициялардың қажет екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан ғылымға бөлінетін қаражатты бес миллиардқа дейін арттыру жөнінде шешім қабылдағанын айтқан Франция көшбасшысы твиттердегі парақшасында бұл ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейінгі теңдессіз жағдай екендігін атап өтті.