Бүгінде Германия Еуро одаққа мүше емес елдермен шекарасын жапқан. Канслер қазіргі кезде ел үкіметі төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқандығын жеткізіп, ел жұртшылығын вирусты бірлесе жеңуге шақырды.
Денсаулық сақтау саласы сарапшыларының болжамы бойынша вирус жұқтырғандар санының 10 миллионға жетуі мүмкін. Осы аптада COVID-19 вирусын жұқтырғандар Джон Хопкинс зерттеу орталығы мәліметі бойынша 12 000 мыңға жеткен. Бұдан бұрын Меркель бүгінде 83 миллионға жуық халқы бар Германияның 70%-вирус жұқтыруы мүмкіндігін айтқан болатын.
АЛМАТЫ