1988 жылғы дзюдодан Олимпия ойындарының қола жүлдегері Ямагутидің пайымдауынша, Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиаданы кестеге сәйкес өткізу туралы ұсынысы спортшыларға қауіп төндіреді. «АҚШ пен Еуропа жаңалықтарынан оқып отырғанымыздай, қазіргі таңда спортшылар жаттығуын қалыпты деңгейде жалғастыра алмай жатыр», дейді Ямагути.
Еске сала кетейік, Токиодағы Жазғы Олимпия ойындары жоспар бойынша 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Әлем елдерінде спорттық жарыстар тоқтатылып жатса да Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Олимпия ойындарына еш қауіп жоқ екенін және төрт жылдықтың басты додасын өз уақытында өткізуге ниетті.