2013 жылғы 2 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі бекітілсін.
2. Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына (аяларына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге арналған республикалық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның республикалық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3. «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 556-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті салалардың уәкілетті органдары».
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы №448 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-қүжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 шілдедегі № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 267-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 177-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2297 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 47-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1077 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 539-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жы