Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Сақтықта қорлық жоқ

772 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жұт жеті ағайынды» дейді дана халқымыз. Сол айтқандай короновирустың дүрмегін пайдаланып, әртүрлі мақсаттағы қаныпезерлер де бас көтеруі мүмкін. Сондықтан ондайларға да дайын болу керек. Соның бірі – нысандарды террористік шабуылдардан қорғаудың амалдары.

Сақтықта қорлық жоқ

Жуырда облыстың полицейлері терроризмнің нысаны болатын көпшілік орындарын, соның ішінде сауда мен оқу орындарының сақтығын тексерген еді. Жыл басынан бергі бұл 70-ші тексеріс. Соңғыда соның төртеуінде салдыр-салақтық табылып, басшыларына жауапкершілік жүктелді. Мәселен, бір оқу орны бейнебақылаумен толық қамтылмаған. Ал бейнежазуларды сақтау мерзімі ережеге қайшы екі есе қысқартылған. Қызметкерлер де террористік шабуыл жасалған кезде не істеу керектігінен хабарсыз. «Мұндайды әрбір қызметкер жатқа білуге тиісті. Егер жарылыс заты қойылды деген хабар түссе қабылдаған адам оны аяғына дейін тыңдауы және сөздері мен дауысы көбірек жазылып қалу үшін анықтама сұрақтар берулері керек», - дейді экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Спартак Қабденов. Терроризмге қарсы күрес ережесінің талаптарын орындамаған мекемелердің басшыларына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Петропавл қаласында террористік шабуылға ұшырауы мүмкін деп саналатын барлығы 600-дей нысан бар. Осылардың бәрінің де сақтығы тексеріліп отырады.

ПЕТРОПАВЛ