Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Түркістан облысында балабақшалар жұмысын тоқтатты

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысындағы қаулысы негізінде 20-шы наурыздан бастап барлық балабақшалар өз жұмыстарын уақытша тоқтатты.

Түркістан облысында балабақшалар жұмысын тоқтатты

Бұған дейін штаттық режимге сәйкес жұмыс істеп келген бақшалардағы балалардың саны елдегі төтенше жағдай жарияланғаннан кейін екі есе азайған. Енді облысы бойынша 150 мыңнан астам бала үй тәрбиесінде болады. Ал, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері жылдық жоспарларына сәйкес кезекті еңбек демалысына шығады. Қалғандары еңбек ақысы сақтала отырып, демалысқа жіберілді. Айта кетелік, облыс аумағындағы 1447 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің  998-і жекеменшік иелігінде.

 

Түркістан облысы