Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Түркістанда жылу беру маусымы тоқтатылды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы көпқабатты үйлерге қызмет көрсетіп келе жатқан «Жылу» мекемесі кеше тұрғындарды соңғы күн жылумен қамтамасыз етті. Яғни, 20 наурыздан жылу беру тоқтатылды. Мекеме қорындағы 327 тонна көмір үнемделді.

Түркістанда жылу беру маусымы тоқтатылды

Келесі маусымнан бастап Түркістандағы жылу жүйесінде қатты отыннан сұйық отынға көшу жолдары қаралуда. Бұл орайда газбен жылытылатын 3 қазандық болады. Осылайша қаланың экологиялық ахуалы жақсара түспек. Бұл жөнінде түнгі рейд барысында қала әкімі Рашид Аюпов мәлім етті. Алдымен қоғамдық көліктердегі залалсыздандыру жұмыстарының талапқа сай жүргізіліп жатқандығын бақылап, оларға орнатылған GPS құрылғыларының жұмысын көрген қала әкімі теміржол вокзалында болды. Вокзал аумағындағы аллеяның құрылыс жұмыстары жуық арада жұмыстар аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, аталған орындарда COVID-19 індеті таралуының алдын алу шаралары да жіті тексерілді. Залалсыздандыру, тазалық сақтау, антисептиктер мен медициналық бетперделердің ондай орындарда болуы қажеттігі айтылды. Рейд барысында дүкен, тойхана, кафелердің уақытылы жабылуын қадағалау барысында бір дүкеннің жұмыс жасап жатқандығы белгілі болып, полиция тарапынан ескерту берілді.

Түркістан облысы