Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында карантин бекеттері ашылды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Тайынша, Айыртау, Ақжар, Уәлиханов және Жамбыл аудандарында алты карантин бекеті ашылып, жұмысын бастады. Онда патрульдік полиция және көші-қон қызметкерлері автокөлік құралдары, жүргізушілер және жолаушылар легіне бақылау жүргізеді.

Солтүстік Қазақстан облысында карантин бекеттері ашылды

«Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу қажеттілігіне байланысты азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулықтарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шаралар қабылдануда. Облыстық жедел штабтың тапсырмасы бойынша ашылған карантин бекеттерінде, пандемиямен күрес жүргізетін барлық қызметтердің іс-әрекетін үйлестіру шеңберінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңірімізге кіретін азаматтар туралы мәліметтер базасы жүйеленуде», - дейді СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Бекеттерде полицейлермен қатар медицина қызметкерлері де кезекшілік етуде. Бұл жерде жүргізушілер мен жолаушыларға сауалнама жүргізіледі. Оның басты мақсаты – кіріп-шығып жатқан азаматтардың байланыстарын және тұратын жерлерінің мекенжайларын білу.

«Аталған іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері медицина қызметкерлеріне толық көмек көрсетуі тиіс, әдеп сақтай отырып, аталған шаралардың қажеттілігі туралы сабырлықпен түсіндіріледі. Бұл жұмысқа түсіністікпен қараған барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Бірлескен жұмыстың тиімділігі көбіне халықтың өзін-өзі ұстай білуіне байланысты» - деді облыстық ведомство басшысы.

Дәл бүгіннің өзінде «Келлеровка» карантин бекеті арқылы 40 автокөлік құралы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар