2016 жылы Өскемен қаласының полиция басқармасына көлік иесіне арыз түскен соң, полиция ел көлемінде іздеу жариялайды. Қолды болған «Ауди-80» төрт жылдан соң Қостанай облысындағы Федоров ауылынан табылып отыр. Жедел-тергеу шаралары барысында полицейлер оның осы елді мекенде тұратын 57 жастағы ер адамның меншігінде екенін анықтады. Федоров тұрғыны автокөлікті белгісіз азаматтан құжаттарымен қоса сатып алғанын айтады. Темір тұлпарды тәркілеп алған полицейлер жәбірленушіге жоғалғаны табылғанын хабарлайды. Алыстан алып-ұшып жеткен Алексей: - Мен бір жыл өткен соң «Аудиімнен» мүлде күдер үзіп едім. Күтпеген қуаныш деп осыны айтуға болады. Полицияға кәсіби шеберлігі мен қызметке адалдығы үшін алғысым шексіз, - деді.
Қостанай