- Партия мен «Jas Otan» еріктілері құрған мобильді топтар қаладағы жалғыз басты қарттарға, аз қамтылған, тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға алдыңғы кезекте қажет тауарларды, медициналық маскалар мен антисептик құралдарын контактісіз тарату жолымен жеткізіп беріп жатыр - деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.
Бүгін 50 отбасыға көмек көрсетілді. Бұл бағытта жұмыс төтенше жағдай аяқталғанша жалғасатын болады.
Қостанай облысы